Құлшыныспен қарсы алды

Құлшыныспен қарсы алды

  25 қазанда елімізде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтті. Өздерінің кәсіби мерекелерін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де үлкен құлшыныспен қарсы алып, оның қызықты да әсерлі өтуіне ұйытқы болды. Алдымен жиналғандарды мекеме директоры Мұрат Хасенұлы Кариев құттықтап, еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі. Содан соң сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Әбдуқалиқызы Тәңірбергенова жиналғандарды қызу құттықтап, орталықтың бір топ қызметкерлеріне басқарма басшысы С.Нұрғожинаның арнайы алғыс хатын табыс етті. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін концерт басталып, қызмет алушы Любовь Павловна Башуркина өзінің асқақ дауысымен «Милая мама» әнін үлкен тебіреніспен айтып, тыңдаушылардың зор қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, өз өнерлерін ортаға салған  орталықтың бір топ қызметкерлері өздерінің көңілді де, әсерлі әндерімен көптің көңілінен шыға білді. Мерекелік шара соңында орталықтың кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен лотерея билеттері ойнатылды.