Қайырымдылық қалыс қалмайды

Қайырымдылық қалыс қалмайды

Әлемге жайылған қатерлі індет салдарынан елімізде төтенше  жағдай жарияланып, көлік қатынастарына шектеу қойылды, көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстары уақытша тоқтатылып, қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшірілді. Тұрғындар үйлерінен шықпауға мәжбүр болды. Бұл жағдай халқымызға үлкен қиындықтар  туғызса да, қоғамымыз дүние жүзіне тарап кеткен кеселге қарсы тұру үшін барлық мемлекеттер күштерін жұмылдырып, негізге басымдықтарын белгілеп үлгерді. Халықтың басына түскен ауыртпалықты жеңіп шығу үшін адамдардың ынтымақтастығы ауадай қажет. Осы бір өтпелі кезеңде әрбір саналы азаматтың қауһарсыз жандарға қол үшін созуға дайын  екені сезіліп отыр. Оны күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан естуге болады. Сондай жандардың бірі кәсіпкер, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қанат Ғалымжанұлы Естеков бұл орайда өз қайырымдылығын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы” КММ қызмет алушыларына арнады. Орталықта қызмет алушы қауһарсыз жандардың қазіргі тыныс-тіршілігі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Олардың бар қуаныштары, күн жылығанда Орталық ауласына шығып бой жазулары болып тұр. Осындай жәйді назарына алған кәсіпкер, Орталық аумағында өз күшімен көп салалы арнайы спорт алаңын тұрғызды. Бұл абзал  жанды, кең пейілді, ізгі ниетті тұлғаның шынайы отан сүйгіштігін, адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Сайып келгенде, елімізде қандай да бір қилы кезеңдер орын алса да,  Қанат Ғалымжанұлының іс-әрекетіндегі қайырымдылық нышаны ешқашан қалыс қалмайтынына кәміл сенеміз.