Қарттарымыз – қазынамыз!

Қарттарымыз – қазынамыз!

          Ағымдағы жылдың 1-ші қазанында Қарттар күні мерекесіне орай  Нұр-Сұлтан қаласына қарасты әлеуметке қосу орталығының зейнеттік жастағы қызметкерлерге құрмет көрсетілді.  Шараның ашылу салтанатында мекеме директоры Мурат Кариев қарттар күнін атап өтудің мәні мен маңызына тоқталды. «Біздің қарттарымыз, ардагерлеріміз құрметке лайық. Себебі олар бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады, елге еңбегі сіңді. Олардың өнегелі өмір жолы бүгінгі жас ұрпаққа тамаша үлгі» деді мекеме басшысы. Құрметті жұмыскерлерімізге кәсіподақ үйлестірген кішігірім сыйлықтар ұсынылды және мерекелік дастархан жайылды.  Сонымен қатар, қарт қызмет алушыларымыз да назардан тыс қалмады  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұжымы оларға жылы лебізін білдіріп, құттықтады  және  сыйлықтар таратты. Мереке соңы Тұрсын  Шәкірдің  «Заман-ай»  күйін  орындаумен  ұласты.