Алғыс айту күні атап өтілді

 Алғыс айту күні атап өтілді

   Бірінші наурызда Республика тұрғындары қазақстандықтардың  бір-біріне деген мейірімділігі,достығы және сүйіспеншілігі мерекесі – Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы жарлығымен белгіленіп, сол жылдың  1 наурызынан бастап мерекелене бастады. Бұл өзін өз отанының перзенті деп сезінетіндер үшін, жалпы халықтық мереке деп есептелінеді. Бұл мерекені атап өтуден, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де сырт қалмады. Мекеменің мәдени ұйымдастырушысы Қайрат Байділдин және орталықтың музыкалық жетекшісі Төлеген Абай Алғыс айту күніне арналған ауқымды шара өткізді. Акт залына жиналған қызмет алушылардың алдында мекеме қызметкерлерінің күшімен әсерлі концерт беріліп, тартымды викторина ойналды.