«Біз біргеміз» акциясы болып өтті

«Біз біргеміз» акциясы болып өтті

         7 ақпан күні Үкіметтік емес ұйымдарға қарасты Нұр-Сұлтан қаласының «Санат әлемі» қоғамдық қорының волонтерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ қызмет алушыларымен бірге «Біз біргеміз» акциясының аясында көңіл көтеріп, флешмоб биледі. «Санат әлемі» қоғамдық қорының директоры Мұрат Медетовтың айтуынша, олардың мақсаты адамдар ынтымақтастығын арттырып, өмірдің кез келген қиын уақыттарында көмекке келуге дайын болу. Бұл акция бір күндік емес, одан әрі де жалғасын табатын болады.