логотип

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыздағы № 408 Қаулысына, Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы шешіміне сәйкес Астана қаласында «Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ашылды.

Бұл мекеме құрылуының негізгі мақсаттары: белгілі тұрағы жоқ, кәсібі және тіршілік ету қаржысы жоқ тұлғаларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмектер көрсету, сонымен қатар Астана қаласында криминогендік жағдайды қысқарту және санитарлы-эпидемиологиялық, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. 

Орталық 1651, 1970, 1973 жылдары салынған 3 қабатты корпустарында орналасқан, жалпы ауданы 3078 кв.м. 180 төсек-орынға есептелген.

2012 жылдың 12 ақпанынан бастап біздің Орталық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 қаулысымен бекітілген уақытша мекендеу жағдайында арнайы қызметтер көрсету стандарты негізінде жүргізілді.

Штаттық кестеге сәйкес бекітілген Стандарт негізінде қызметкерлердің штат саны 81 адамға көбейді. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету  саласындағы нәтижелі жұмысын атқару сонымен қатар еңбекті ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатында 2014 жылы Орталықтың 6 қызметкері ғылыми - тәжірибелік семинарын өтті: «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерді оқыту», «Медицина, әлеуметтік бейімделу және дәлдеу педагогикасындағы инновациялық технологиялар», «Психотерапия, психологиялық кеңес беру бойынша дәстүрлі Қазақстандық апталық», корпоративтік семинарлар «Еңбек кодексі жұмыс беруші мүддесінде» (соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша), «Компьютерлік сауаттылық курстары» және т.б.

Стандартты енгізген уақыттан бастап Орталықтың қызметкерлері  қызмет алушылармен әлеуметтендіру шарттарын жасап келеді.

Орталық қызметкерлерімен әрбір қызмет алушыға тіркеу картасы толтырылуымен қатар құқығын қалпына келтіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде әр тоқсан бойы электрондық картотека бойынша тіркеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, 50 төсек орынға түнгі келушілер бөлімі ашылды осыған байланысты ғимараттың бір корпусының бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп бөлек шығар есікпен жабдықталған санитарлық реттеу бөлмесі ұйымдастырылған.

Түнгі келушілер бөлімі мен ұтқыр әлеуметтік мобильді қызметімен келесідей әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетіледі: бастапқы медициналық қарау және бастапқы санитарлық өңдеу өткізу, дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Үй-күйі жоқ азаматтарға түнгі келушілер бөлімінде жаз мезгілінде түнгі уақытта сағат 2100 – ден 900-ге дейін ал қыс мезгілінде сағат 1800-ден 1000-ге дейін төсек орын берілуімен қатар бөлімде көрсетілген азаматтарға ыстық шай беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Орталыққа келіп түскен ақпаратты қызметкерлер жедел түрде өңдеу үшін барлық бөлімдерде бірлескен желі орнатылған. Орталықтың бейнелемесі жасалынып, барлық автокөліктеріне бейнемелер жапсырылып ұтқыр қызметінің қызметкерлерінің арнайы киімдері бар. Стандартқа сәйкес шағымдар мен ұсыныстар кітабы ашылып әр апта сайын уақытша болу ұйымының басшысымен сонымен қатар уәкілетті органмен әр ай сайын тексерілед. Орталықтың қызмет алушыларының арасында тұру жағдайлары мен тамақтандыруды оңтайландыруға қатысты сауалнамалар өткізіледі.

Қызмет алушылардың психологиялық және моральдық әл ауқатын қалпына келтіру үшін Орталықта психологиялық жеңілдену үшін сенсорлық бөлме, кітапхана, қызмет алушылардың арасында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін музыкалық аспаптармен жабдықталған мәжіліс залы сонымен қатар 4 жаттығу құрылғысымен СӨС (салауатты өмір салты) бөлмесі жұмыс істейді.

Орталықтың  аясында «Ұтқыр әлеуметтік патруль» жұмысы ұйымдастырылған болатын.

Ұтқыр қызметінің диспетчерімен Астана қаласының Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары бойынша полиция тірек пунктерімен, Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Астана қаласының әлеуметтік – медециналық Орталығы» - мен, Астана қаласының ІІД қабылдап-тарату мекемесімен сонымен қатар Астана қаласы ІІД көші-қон полициясы Басқармасымен тығыз байланыс орнатылған.

Үй-күйі жоқ тұлғалардың топталған жерлерін болжалаумен рейдке шығу бағдары құрастырылды (теміржол және автовокзал, Технопарк, базар және сауда үйлері, қала саябақтары мен діни мекемелерінің маңайы).

Қазақстан Республикасы өзге өңірлердің Әлеуметтік бейімделу Орталықтарымен сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларус елшіліктерімен байланыс орнатылған.      

Әлеуметтік – еңбекке бейімдеу мақсатында  Орталықта екі өндірістік шеберхана жұмыс істейді: тігін және ағаш.

ӘБО-ның әлеуметтік қызметкерлерімен Астана қаласының ІІД мен тығыз байланыс орнатылуымен қатар басқа да аумақтарымен хат алмасу жұмыстары жүргізіліп вокзал қызметкерлерінің көмегімен Орталықтың қызмет алушыларын тұрғылықты жерлеріне жіберу жұмыстары жүзеге асырылуда.