Қызметтер

ӘЛЕУМЕТТIК-ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге:

1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) төсектiк орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және iш киiммен қамтамасыз ету (осы стандартқа 4-қосымша). Бiр жыл iшiнде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттiгiне қарай iш киiммен қамтамасыз етiледi;
3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтiруге жәрдемдесу;
4) жүрiп-тұруы қиын және өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз қарттар мен мүгедектердiң болуы үшiн жағдай жасау;
5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету;
6) iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;
7) тұрмыстық өз-өзiне қызмет көрсету үшiн жағдай жасау (жеке киiмдерi мен киiмдерiн жуу, кептiру, үтiктеу);
8) санитарлық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;
9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жерiне дейiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жерiне жөнелтуге жәрдемдесу. Жүрiп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жерiне дейiн iлесiп барумен қамтамасыз етедi;
10) тұратын жерi бойынша тiркелу үшiн құжаттарын рәсiмдеуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;
12) емдеу, оқу үшiн қызмет алушыларды тасымалдауға көлiк қызметiн ұсыну;
13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде) көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге:

1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) төсектік орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
3) iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;
4) санитарлық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау жатады.

ӘЛЕУМЕТТIК-МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметтерге:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;
2) дәрiгерге дейiн медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және iлесiп жүруге жәрдемдесу;
3) медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жiберу үшiн құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi – ОЖБ) сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық емделудi алуға жәрдемдесу;
7) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;
8) емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргiзу жатады.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде), сондай-ақ ұтқыр әлеуметтiк патруль қызметтерi мынадай әлеуметтiк-медициналық қызметтер көрсетедi:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;
2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету.

ӘЛЕУМЕТТIК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге:

1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi бақылау);
3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық көмек;
6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде сөйлесу, әңгiмелесу, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзу жатады.

ӘЛЕУМЕТТIК-ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТТЕРIНЕ

Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушыларға көрсетiлетiн әлеуметтiк-еңбек қызметтерiне:

1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
3) кәсiби бағдарлау;
4) бейiнi бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
5) қызмет алушыларды қол жетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге жәрдемдесу жатады.

ӘЛЕУМЕТТIК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-мәдени қызметтерге:

1) мерекелер мен тынығу iс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
3) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына, мәдени-патриоттық iс-шараларға қатысуға тарту жатады.
Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде), ұтқыр әлеуметтiк патруль қызметi қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтерге:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тиесiлi жеңiлдiктердi, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.

ӘЛЕУМЕТТIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-құқықтық қызметтерге:

1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлiк консультация беру;
2) заңды мәнi бар құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;
3) қарт адамдар мен мүгедектердi халықты әлеуметтiк қорғаудың стационарлық мекемелерiне орналастыруға қажеттi құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдесу;
4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiш дайындауға және беруге көмек көрсету;
5) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.