Әлеуметтiк-медициналық қызметтерге

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметтерге:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;

2) дәрiгерге дейiн медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және iлесiп жүруге жәрдемдесу;

3) медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жiберу үшiн құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;

5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi – ОЖБ) сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық емделудi алуға жәрдемдесу;

7) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;

8) емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргiзу жатады.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде), сондай-ақ ұтқыр әлеуметтiк патруль қызметтерi мынадай әлеуметтiк-медициналық қызметтер көрсетедi:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;

2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету.