Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге:

1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;

2) төсектiк орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және iш киiммен қамтамасыз ету (осы стандартқа 4-қосымша). Бiр жыл iшiнде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттiгiне қарай iш киiммен қамтамасыз етiледi;

3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтiруге жәрдемдесу;

4) жүрiп-тұруы қиын және өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз қарттар мен мүгедектердiң болуы үшiн жағдай жасау;

5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету;

6) iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;

7) тұрмыстық өз-өзiне қызмет көрсету үшiн жағдай жасау (жеке киiмдерi мен киiмдерiн жуу, кептiру, үтiктеу);

8) санитарлық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;

9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жерiне дейiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жерiне жөнелтуге жәрдемдесу. Жүрiп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жерiне дейiн iлесiп барумен қамтамасыз етедi;

10) тұратын жерi бойынша тiркелу үшiн құжаттарын рәсiмдеуге жәрдемдесу;

11) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;

12) емдеу, оқу үшiн қызмет алушыларды тасымалдауға көлiк қызметiн ұсыну;

13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде) көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге:

1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;

2) төсектік орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;

3) iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;

4) санитарлық-гигиеналық рәсiмдердi (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшiн жағдай жасау жатады.