Өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы жаттығу жұмыстары

Өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы жаттығу

        Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында «Ұйымдар қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары» бойынша жоспарлы объектілік жаттығу өткізілді. Оған орталықтың түнгі келушілер бөлімінің қызмет алушылары мен мекеменің жауапты қызметкерлері қатысты. Техника қауіпсіздігі бойынша инженер А.Н. Алибаев жиналғандарға өрт пайда болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде түсіндіріп берді. Сол сияқты, ол өрт сөндіргішті қалай пайдалану керек екендігін көрнекті етіп, эвакуация жоспарының тәртібін түсіндіріп берді.