8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау

8 наурыз мерекесіне арналған құттықтау

           Біздің елімізде Халықаралық әйелдер күні ең маңызды және  кең көлемде аталып өтілетін  мерекелердің бірі болып саналады. Осы күні ер азаматтар, жасөспірім мен ұл балалар  әйелдер қауымын, бойжеткен мен кішкентай қыздарды естен шығармайды. Сыйлықтар мен гүл шоқтарынан басқа арқа сүйер ер азаматтар өздерінің аналарына, нәзік жандыларына, қыздарына махаббат пен сүйіспеншілік сыйлай білген. 2019 жылдың 7 наурыз күні «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ-нің директоры М.Х.Кариев бастаған ұжымымыздың ер азаматтары Орталықтың нәзік жанды арулар-қызмет алушылар мен қызметкерлерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, мерекелік күнде көп балалы аналарға С.А.Амандаулетова, Г.М.Акпарова, Д.Р.Маймакова, А.К.Кожабековаларға және де Орталықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып, өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік салада жетістікке жеткен З.Ж.Салимова, Д.Ж.Шаймерденова, К.Б.Кантарбаеваларға құрмет көрсетілді.