Бос орындар

Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ, 010000, Астана қаласы, И.Чехоев көшесі, 14  а үй, анықтама телефондары: 8 (7172) 53-18-51, электронды мекенжайы: centr_08_01@mail.ru бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Астана қаласы әкімдігінің  «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есепші  – 2 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  54 507  теңгеден  68 310  теңгеге  дейін

Негізгі функционалдық міндеттері: Мүлік, міндеттер және шаруашылық операциясының бухгалтерлік есебін (негізгі заттар, тауарлық – материалдық бағалылар, өндіріс шығындары, өнімді тарату, шаруашылық –қаржы қызметтерінің қорытындыларын есепке алу, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушылар, сондай ақ ұсынылған қызметтер, т.б.есептесуін) жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды. Мүлік, міндеттер және шаруашылық операциясының бухгалтерлік есебін (негізгі заттар, тауарлық – материалдық бағалылар, өндіріс шығындары, өнімді тарату, шаруашылық –қаржы қызметтерінің қорытындыларын есепке алу, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушылар, сондай ақ ұсынылған қызметтер, т.б.есептесуін) жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды. Мүлікке бухгалтерлік есеп жүргізу, негізгі заттар мен МБП бойынша материалды жауапты тұлғадан түгендеу және айналым ведомостын жасау бойынша жұмыстарды орындау. Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша алғашқы құжаттарға: азық –түлік, дәрі-дәрмектер, ТМЦ қабылдау және бақылау жасауды, оларды есептік өңдеуге дайындауды жүзеге асыру. Тиісті есеп-қисап дайындау. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп ережелерін, Мемлекеттік мекемелерді есепке алу шоттарының кестесін, Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу ережелерін.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (бухгалтерлік есеп және аудит, экономикалық білім) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 010000, Астана қаласы, И.Чехоев көшесі, 14 а үй, мамандар бөлімі, мекенжайы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ интернет-ресурстарда хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефон:  53-18-51.