Мерекеге лайықты тарту

Мерекеге лайықты тарту

          Мамыр айының алғашқы аптасы қашанда мерекелік күндерге ұласатыны белгілі. Отан қорғаушылар күнінен кейін келетін Жеңіс күні мерекесі халық назарынан тыс қалмайды. Осы дәстүрді жалғастырып келе жатқан астаналықтар өз жұртшылығына аталмыш мерекелерге орай тамаша сый –тартулар жасауды өз парыздары деп санайтын сыңайлы. Бұл орайда Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметкерлері мен қызмет алушыларына лайықты тарту әзірледі. 6 мамыр күні Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының дарынды жас әншілері Асқар Жайлаубаев, Данияр Сағынтаев және Тұрсын Шәкір келіп, өз өнерлерімен Орталық қызметкерлері мен қызмет алушыларды тәнті етті. Олардың шырқаған әуезді әндері сонау отты жылдарда жаумен арпалысқан қаһарман жауынгерлеріміз, Туған жер, Қазақ елі туралы патриоттық әндер болды. Жас дарындардың әуезді, әсерлі, мазмұнды әндерінен рухани ләззат алған тыңдаушылардың әншілерге деген қошаметтері көпке дейін толастамай жатты…