«Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала»

«Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала»

      Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен қызмет алушылары 2019 жылғы 27 сәуірде «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпы қалалық акциясы аясында өткізілетін сенбілікке шықты. Орталық қызметкерлері мекеме ауласында өсіп тұрған ағаштардың түптерін қопсытып, әктеді, алаңды қоқыстан тазартып, өздері қызмет істейтін кабинеттердің есік-терезелерін жуып, сенбілік болмысын  айтулы етті. Қоғамдық-пайдалы жұмысқа белсенділік танытқан орталық қызметкерлерінің сенбілікке деген құлшыныстары көпке дейін сейілмеді.