Тағдырына бастау болған бір ауыз сөз

Тағдырына бастау болған бір ауыз сөз

          Зибагүл Жұмабекқызы Жұмашева Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ғани Мұратбаев атындағы колхозда соғыс ардагерінің үлкен отбасында дүние келеді. Әкесі Жұмабек соғыс өртінің бел ортасында жүріп,  ауыр жараланса да, емделіп қатарға қосылады. Бірақ уақыт өте келе денсаулығы сыр беріп, мүгедектік топ алады. Соған қарамастан қайратты да, қажырлы ардагер қарап отырмай, колхоздың ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, еңбектенеді. Зайыбы Шекер екеуі сегіз баланы «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» мәпелеп өсіреді. Сол сегіз баланың үшіншісі Зибагүл әрдайым әкесінің жанынан шықпай, ауырып қалған сәттерінде қолынан келетін көмегін көрсетуге тырысатын. Қалай да болсын, әкесін сырқатынан айықтырып, емдеп шығару ойынан кетпейтін еді. Орта мектепті бітірсімен сол арманын арқалап, Ақтөбе қаласындағы медицина институтына құжаттарын тапсырады. Бірақ емтихандардан сүрінбей өтсе де, конкурстан өтпей қалады.  Зибагүл бұл сәтсіздігіне мойымай, ауылына келіп еңбекке араласып, бір жылдай жұмыс істейді. Келесі 1976 жылы, тағы да сол институтқа келіп бағын сынайды. Абырой болғанда, бұл мақсаты іске асып, институттың емдеу факультетіне оқуға түседі. Институттағы оқу орыс тілінде болғандықтан, мектепті қазақша оқып бітірген жас қызға  әсіресе, күрделі пәндерді меңгеру қиынға соғатын болды. Күні-түні оқулықтан бас алмайды. Оқуының осындай қиындықтарына әбден титыққан Зибагүлді тіпті, бұл оқуын тастап кетсем бе екен деген ой меңзеп алады. Ол осы ойын ауылдағы әкесіне айтуды жөн көріп, хат жазады. Жауап хатында әкесі: – «Қызым, ештеңеге уайымдама. «Басы қатты болса, арты жеңіл болады» – демекші, бұл өтпелі кезең ғой. Бізде басында жаумен жанкештілікпен арпалысып, соғыстық. Біздің көрген қиыншылықтарымызды адам басына бермесін. Міне, «сабыр түбі, сары алтын» – демекші, сол қиындықтардың бәріне төзе білген соң ғана жауды жеңіп шықтық. Қазақ тілі сенің ана тілің, ал орыс тілі болса қазіргі білім мен ғылымның тілі. Сондықтан, бұл қиындықтарға төзе біл, әлі-ақ орыс тілін жақсы меңгеріп, төселіп кетесің. Тек талаптанып оқысаң ғана сенің жұлдызың жанады. Сол себепті алған бетіңнен қайтпай, оқуыңды жалғастыра бер» – деп, қызына көкейіндегі ақылын айтады. Әкесінің ақылын тыңдаған Зибагүл оқуын әрі қарай жалғастырады. Ізденуінің, талаптануының арқасында оның үлгерімі де,  орыс тілін  меңгеруі де алға басады. Оқуының аяқталар сәтінде құдай қосқан қосағы Асанхан деген жігітке тұрмысқа шығып шаңырақ көтереді. Жазира, Айнұр атты екі өрімдей қыздары дүниеге келеді. 1983 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, жолдамамен Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының орталық ауруханасына терапевт-дәрігер лауазымына тағайындалады. Осы жылдардан бастап Зибагүлдің медицина саласындағы қызметі өріс ала бастайды. 2014 жылға дейін ол Ақтөбе өңірінде табан аудармастан қызмет істеп, кәсіби шеберлігін арттырады, тәжірибелі мамандар қатарына қосылады. Көптеген алғыс, марапаттарға ие болады. Әсіресе, үздік медицина қызметкеріне табыс етілетін, атақты ғалым-академик Пирогов атындағы арнайы медальдің  орны бөлек. Себебі ол оның қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігіне деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар, Зибагүл Жұмабекқызы 2011 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальмен наградталды. 2014 жылы ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет істейтін жұбайы Асанхан Жұмашұлын қызмет бабымен Астана қаласына ауыстырады. Астанаға қоныс аударсымен Зибагүл Жұмабекқызы  қаладағы туберкулезге қарсы диспансерге фтизиатр дәрігер болып қабылданады. Ара бір жыл өткенде зейнеттік демалысқа шығып, қызметін жалғастыра береді. 2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дәрігер болып орналасады. Талай сындарлы сәттерді басынан кешірген Зибагүл Жұмашева бұл қызметтің  қиындықтарына түсіністікпен қарап, әрбір мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдап, қызмет алушылардың денсаулықтарын мұқият тексеруге тырысады. Оның себебі де баршылық. Орталықтағы 200-ге жуық қызмет алушыларды алғашқы медициналық тексеруден өткізіп, олардың сырқаттарына байланысты шешім шығарып, аурулары асқынғандарды тиісті медицина мекемелеріне жеткізу, мүгедектердің арнайы протездерін алғызуға жәрдемдесу, аяқ астынан жағдайлары ауырлағандарға жедел жәрдем шақыру, олар келгенше алғашқы медициналық көмек көрсету, тағы сол сияқты көптеген қызметтердің барлығы да орталық дәрігерінің басшылығымен жүзеге асып отырады.  Қиындықтары мол қызметті жауапкершілікпен атқарып, абыройға ие болған дәрігер өзінің мінсіз қызметі үшін жыл өткен сайын көптеген сый-құрметтерге, марапаттарға ие болып келеді. Осылайша, әке сөзінің құдыреті Зибагүл Жұмабекқызы Жұмашева үшін тағдырының таңдауы, иігілікті істерінің жаршысы болды десек, қателеспейміз.  Зибагүл Жұмабекқызы Жұмашева Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ғани Мұратбаев атындағы колхозда соғыс ардагерінің үлкен отбасында дүние келеді. Әкесі Жұмабек соғыс өртінің бел ортасында жүріп,  ауыр жараланса да, емделіп қатарға қосылады. Бірақ уақыт өте келе денсаулығы сыр беріп, мүгедектік топ алады. Соған қарамастан қайратты да, қажырлы ардагер қарап отырмай, колхоздың ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, еңбектенеді. Зайыбы Шекер екеуі сегіз баланы «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» мәпелеп өсіреді. Сол сегіз баланың үшіншісі Зибагүл әрдайым әкесінің жанынан шықпай, ауырып қалған сәттерінде қолынан келетін көмегін көрсетуге тырысатын. Қалай да болсын, әкесін сырқатынан айықтырып, емдеп шығару ойынан кетпейтін еді. Орта мектепті бітірсімен сол арманын арқалап, Ақтөбе қаласындағы медицина институтына құжаттарын тапсырады. Бірақ емтихандардан сүрінбей өтсе де, конкурстан өтпей қалады.  Зибагүл бұл сәтсіздігіне мойымай, ауылына келіп еңбекке араласып, бір жылдай жұмыс істейді. Келесі 1976 жылы, тағы да сол институтқа келіп бағын сынайды. Абырой болғанда, бұл мақсаты іске асып, институттың емдеу факультетіне оқуға түседі. Институттағы оқу орыс тілінде болғандықтан, мектепті қазақша оқып бітірген жас қызға  әсіресе, күрделі пәндерді меңгеру қиынға соғатын болды. Күні-түні оқулықтан бас алмайды. Оқуының осындай қиындықтарына әбден титыққан Зибагүлді тіпті, бұл оқуын тастап кетсем бе екен деген ой меңзеп алады. Ол осы ойын ауылдағы әкесіне айтуды жөн көріп, хат жазады. Жауап хатында әкесі: – «Қызым, ештеңеге уайымдама. «Басы қатты болса, арты жеңіл болады» – демекші, бұл өтпелі кезең ғой. Бізде басында жаумен жанкештілікпен арпалысып, соғыстық. Біздің көрген қиыншылықтарымызды адам басына бермесін. Міне, «сабыр түбі, сары алтын» – демекші, сол қиындықтардың бәріне төзе білген соң ғана жауды жеңіп шықтық. Қазақ тілі сенің ана тілің, ал орыс тілі болса қазіргі білім мен ғылымның тілі. Сондықтан, бұл қиындықтарға төзе біл, әлі-ақ орыс тілін жақсы меңгеріп, төселіп кетесің. Тек талаптанып оқысаң ғана сенің жұлдызың жанады. Сол себепті алған бетіңнен қайтпай, оқуыңды жалғастыра бер» – деп, қызына көкейіндегі ақылын айтады. Әкесінің ақылын тыңдаған Зибагүл оқуын әрі қарай жалғастырады. Ізденуінің, талаптануының арқасында оның үлгерімі де,  орыс тілін  меңгеруі де алға басады. Оқуының аяқталар сәтінде құдай қосқан қосағы Асанхан деген жігітке тұрмысқа шығып шаңырақ көтереді. Жазира, Айнұр атты екі өрімдей қыздары дүниеге келеді. 1983 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, жолдамамен Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының орталық ауруханасына терапевт-дәрігер лауазымына тағайындалады. Осы жылдардан бастап Зибагүлдің медицина саласындағы қызметі өріс ала бастайды. 2014 жылға дейін ол Ақтөбе өңірінде табан аудармастан қызмет істеп, кәсіби шеберлігін арттырады, тәжірибелі мамандар қатарына қосылады. Көптеген алғыс, марапаттарға ие болады. Әсіресе, үздік медицина қызметкеріне табыс етілетін, атақты ғалым-академик Пирогов атындағы арнайы медальдің  орны бөлек. Себебі ол оның қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігіне деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар, Зибагүл Жұмабекқызы 2011 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальмен наградталды. 2014 жылы ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет істейтін жұбайы Асанхан Жұмашұлын қызмет бабымен Астана қаласына ауыстырады. Астанаға қоныс аударсымен Зибагүл Жұмабекқызы  қаладағы туберкулезге қарсы диспансерге фтизиатр дәрігер болып қабылданады. Ара бір жыл өткенде зейнеттік демалысқа шығып, қызметін жалғастыра береді. 2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дәрігер болып орналасады. Талай сындарлы сәттерді басынан кешірген Зибагүл Жұмашева бұл қызметтің  қиындықтарына түсіністікпен қарап, әрбір мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдап, қызмет алушылардың денсаулықтарын мұқият тексеруге тырысады. Оның себебі де баршылық. Орталықтағы 200-ге жуық қызмет алушыларды алғашқы медициналық тексеруден өткізіп, олардың сырқаттарына байланысты шешім шығарып, аурулары асқынғандарды тиісті медицина мекемелеріне жеткізу, мүгедектердің арнайы протездерін алғызуға жәрдемдесу, аяқ астынан жағдайлары ауырлағандарға жедел жәрдем шақыру, олар келгенше алғашқы медициналық көмек көрсету, тағы сол сияқты көптеген қызметтердің барлығы да орталық дәрігерінің басшылығымен жүзеге асып отырады.  Қиындықтары мол қызметті жауапкершілікпен атқарып, абыройға ие болған дәрігер өзінің мінсіз қызметі үшін жыл өткен сайын көптеген сый-құрметтерге, марапаттарға ие болып келеді. Осылайша, әке сөзінің құдыреті Зибагүл Жұмабекқызы Жұмашева үшін тағдырының таңдауы, иігілікті істерінің жаршысы болды десек, қателеспейміз.