Конституция күніне арналған лекция

Конституция күніне арналған лекция

            Үстіміздегі жылдың 29 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттіке мекемесінің акт залына орталық қызметкерлері мен қызмет алушылары жиналды. Орталық психологы Сәуле Әмірқызы Әбсадықова жиналғандардың алдында «Еліміздің негізгі заңы» атты мазмұнды лекциясын оқып, Конституциямыздың қалай қалыптасқанын егжей-текжейлі әңгімелеп берді.«Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданып, осы күн мемлекеттік мереке – ҚР Конституция күні болып жарияланды. Тәуелсіз еліміз аумағының тұтастығын, дербестігін және ажыратылмайтындығын қамтамасыз ететін Конституция халқымыздың арман-мүдделерінен шығып отырғанын негізгі заңның баптарынан көруге болады. Атап айтқанда, Конституцияның 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары және бостандығы болып табылатын демократиялық  және   құқықтық мемлекет деп атап көрсетілген. Конституция еліміздің өркендеуіне, әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне, барлық саланың жан-жақты дамуына негіз болуда. Біз осы мемлекеттің азаматтары ретінде Конституциямызды құрметтеуіміз және оның заңдарына бағынышты болуымыз қажет» — деп, түйіндеді өз сөзін Сәуле Әмірқызы. Сондай-ақ ол  жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс, өмірлеріне береке тіледі.