Пайдалы ынтымақтастық («BIRGEMIZ»)

Пайдалы  ынтымақтастық («BIRGEMIZ»)

        Ерікті бастама – Қазақстан үшін өте өзекті тақырып. Қазіргі уақытта волонтерлік елімізде дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ қоғам игілігі үшін жасалатын ерікті еңбектің әркімге де қажет екенін  және ол барлық еліміздің табысты өмірі жағдайларының бірі болып табылатынын түсіне бастаған сыңайлы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұл бастаманы қолдайды және «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бойынша халықаралық бюро» мекемесімен (директоры – Ілияс Әділбаев) тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл ынтымақтастықта заңгер-волонтерлерді халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша жұмысқа тартудың маңызы зор. Ынтымақтастық шеңберінде, халықаралық бюроның қызметкерлері, Орталықтың қызмет алушыларының ТМД елдерінде азаматтықтарының болулары жөніндегі ресми сұрау салуға қаржылық көмек көрсетеді. Орталық қызметкерлері өз кезегінде қызмет алушылардың құжаттарын қлпына келтіруге, ата-аналарын асырауға қатысты алименттер бойынша сотқа талап арыздарын рәсімдеуге қолдау көрсетеді. Халықаралық бюроның жас волонтер-заңгерлері  адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектеседі, сондай-ақ ерікті негізде заттай көмек береді, медициналық тексеру өтуде,медициналық және дәрігерге дейінгі жәрдем беруде, сондай-ақ қызмет алушыларды жұмысқа орналастыруда қолдау көрсетеді.