Пайдалы ынтымақтастық

Пайдалы ынтымақтастық

         Миллиондық тұрғыны бар елордамызда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар көп уақыт бойы ашылмай қалады. Қала аумағында халықтың тығыз орналасуы, бұл орайда белгілі бір қиындықтар туғызатыны белгілі. Қылмыстың алдын-алудың криминологиялық мәнін ескере отырып, қылмыстардың және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жасалуына жағдай жасайтын, қылмыстық  істер факторларын жою және бейтараптандыру, ішкі істер органдарының қызметіндегі талап етілетін нәтижеге қол жеткізудің басты бағыты болып табылады. Өздеріңізге мәлім, бұл орайда біздің орталық қаланың барлық аудандық полиция бөлімдерімен ынтымақтастықта қызмет атқарады. 28 қаңтарда Орталықта Байқоңыр АІІБ бір топ қызметкерлері, атап айтқанда капитан Р.Н. Ибрагимов, капитан А.Е. Кокешев және капитан  Н.Р. Дарбаев қылмыстық істер жағдайының алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізді.