Тұңғыш президент күнін атап өтті

Тұңғыш президент күнін атап өтті

         1 желтоқсанда бүкіл еліміз бойынша мерекелік шаралар болып өтті. Астанамыз әртүрлі мәдени бағдарламаларға қанық болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған мерекені өзіне тән ерекшелікпен атап өтті. Мекеменің акт залына жиналған қызметкерлер мен қызмет алушыларды Орталық  кітапханашысы Сәуле Әмірқызы Әбсадықова құттықтап, «Ұлт көшбасшысы» атты мазмұнды лекция оқыды. Сондай-ақ тыңдаушылар елбасының авторлық кітаптарымен танысып, Тұңғыш президент өміріндегі көптеген қызық жайлардан хабардар болды.