Тең мүмкіндіктерді жасау

Тең мүмкіндіктерді жасау

     Өзінің Халыққа жолдауында Елбасы ерекше қажеттіктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерді жасаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізіліп келеді. Мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және  өмірлерінің сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар шеңберінде іске асырылатын, әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу, осы тұрғыдағы адамдар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер Порталы (одан әрі — портал) әлеуметтік-еңбек саласы бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға тікелей қамтамасыз етушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетімен алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып келеді. Әлеуметтік қызметтер Порталының негізгі мақсаты – оларды қоғам өміріне тарту үшін барлық жағдайларды жасау. Әлеуметтік қызметтер Порталы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға қамтамасыз етушілермен тікелей әрекеттесетін бірыңғай цифрлық алаң болады. Сол сияқты, қамтамасыз етушілердің нарықтағы тең мүмкіндіктері пайда болады және бәсекелестікті арттырады. Мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтері құнын өтеу механизмі қарастырылған. Порталмен қосымша тұтынушымен едәуір бағалы тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарлардың кеңінен таңдалуы, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қол жеткізілуі қамтамасыз етілетін болады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы артады және сыбайлас жемқорлық қауіптері жойылатын болады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметтер Порталын өмірге енгізу жоспарлануда. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен қызмет алушылары аталған жаңалықпен танысып, көп мағлұмат алды.